Отбасы апталығы

Біздің «Балдырған» балабақшасында отбасы апталығы өтті. Ата-аналардың қатысуымен бірқатар іс-шаралар өткізілді. Адам өмірінде отбасының алатын орны ерекше. Отбасында кішкентай азамат сыйластық, сүйіспеншілік, өзара көмек, еңбексүйгіштік сияқты маңызды құндылықтарды меңгереді. Ата-ана баласына өмірлік баға жетпес тәжірибені сіңіріп, қиындыққа төтеп беруге үйретіп, қабілеті мен дарынының дамуына ықпал етіп, ұлттық салт-дәстүрмен таныстырады.
Отбасы күні құтты болсын! Барша қазақстандықтарға бақыт пен береке, өзара түсіністік пен бірлік тілейміз.