ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Құрметті ата-аналар (заңды өкілдері)!

«Балдырған» бөбекжай-бақшасы» МКҚК Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды ұсыну мәселесі бойынша жалпы ата-аналар жиналысының өткізілетінін хабарлайды.

📅 Өткізілетін күні: 2026 жыл 25 қыркүйек

🕐 Уақыты: 17:00

📍 Өткізілетін орны: «Балдырған» бөбекжай-бақшасы» МКҚК

КҮН ТӘРТІБІ:

1. Қамқоршылық кеңес мүшелігіне кандидаттарды ұсыну.

  1. ата-аналар (заңды өкілдер) әр топтан бір кандидаттан артық емес ұсынуға құқылы.
  2. кандидатуралар жиналыста ауызша түрде немесе білім беру ұйымының басшысының атына кандидаттың келісімі көрсетілген жазбаша түрде алдын ала ұсынылуы мүмкін.
  3. камқоршылық кеңесінің жұмысына жеке тұлға ретінде қатысқысы келетін азаматтар өз кандидатураларын өздері ұсынуға құқылы.

«Балдырған» бөбекжай-бақшасы» МКҚК әкімшілігі