Кеңес беру орталығы

Құрметті ата-аналар! Біздің «Балдырған» балабақшасының базасында балалары мектепке дейінгі мекемеге бармайтындарға, сондай-ақ балалары балабақшаға баратын ата-аналарға кеңес беру орталығы жұмыс істейді. Бізбен хабарласып, мамандардан тегін білікті көмек ала аласыздар: мектепке дейінгі тәрбие беру бөлімінің меңгерушісі, әдіскер, мұғалім, қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру нұсқаушысы, медбике.
Кеңес беру тәртібі:
— Ата-аналар алдын ала белгіленген кесте бойынша қабылданады.
— Ата-аналар өз өтініштерінің тақырыбын хабарлайды.
-Консультациялық пунктке келу уақыты бейсенбі және жұма күндері сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін. Көрсетілген сұраныс негізінде әкімшілік қажетті ақпараты бар маманды консультацияға шақырады.
— Ата-аналарға кеңес беруді мәселенің сипатына қарай бір немесе бірнеше маман бір уақытта жүргізеді.
— Бір консультацияның шамамен уақыты — 30 минут.
Сондай-ақ, сізді қызықтыратын сұрақтарды көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы қоюға болады. Мамандармен кеңесу үшін келесі телефон арқылы жазылуға болады:
51-93-19; 51-95-98