Конституция күні құтты болсын

30 тамыз әрбір қазақстандық үшін маңызды күн. Бұл күні қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ететін еліміздің Конституциясы қабылданды.
2024 жылдың 29 тамызында біздің Балдырған бөбекжайында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған ертеңгілік өтті.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мерекемен құттықтаймыз! Қазақстандықтар тарихи таңдау жасады – олар еліміздің Негізгі Заңын қабылдады. Бұл біздің құқықтық қоғамды дамытып, демократиялық қайта құру жолымен жүруге ұмтылысымызды білдіреді. Осы маңызды күні сіздерге бейбітшілік пен тұрақтылық тілеймін. Әрбір қазақ шаңырағында ынтымақ, бақыт пен береке орнасын!